16 тамызда қатты жер сілкінісі болатыны рас па?

328

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі аталған ақпаратқа қатысты түсінік берді.

16 тамызда қатты жер сілкінісі болатыны рас па? Фото: freepik

Telegram арналарының бірінде 16 тамызда сағат 4:00-де бүкіл планетада ірі жер сілкінісі болатыны туралы ақпарат шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Stopfake.kz-тің мәліметінше, бұл туралы ресейлік саясаткер Жириновскийдің мұрағаттарынан табылған карталарда жазылған екен. Бұл жалған ақпарат.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмология институты бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

"Халықаралық сейсмологиялық орталықтардың ресми мәліметтері бойынша, 16 тамызда магнитудасы 5,5 балдан асатын қатты жер сілкінісі күтілмейді. Қазақстан аумағында да, еліміздің шекара маңындағы аумақтарда болған барлық төтенше оқиға, сондай-ақ біздің аспаптарымыз тіркеген транзиттік жер сілкіністері "112 KZ" телеграм-арнасындажәне www.seismology.kz сайтындажедел түрде жарияланады. Тек ресми ақпаратқа ғана сеніңіздер", – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмология институтының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу