Жоғарғы палатаға өтетін 16 жаңа сенатордың есімдері белгілі болды.
Айта кетейік барлық деңгейдегі мәслихат депуттарының дауыс беруі Астана уақытымен сағат 1-де аяқталды. Алдын ала қорытынды бойынша 4 сенатор қайта депутат болып сайланды. Басым дауыс жинағандардың қатарында 3 облыс әкімінің орынбасары, бір облыс орталығының әкімі, облыстық мәслихат хатшысы, жоғарғы оқу орнының ректоры, саяси партияның екі өкілі және жеке сектор мен мемлекеттік органнан бір-бір адамнан бар. Сайлауға қатысуы тиіс мәслихат депутаттарының 96,2 пайызы өз таңдауын жасаған. Айта кетейік, депутаттардың аты-жөндері Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында жарияланды.
Бақыт Мелдешов, ҚР орталық сайлау комиссиясының хатшысы:
Сайлау науқанына қатысқан халықаралық байқаушылардың саны 172, шетелдік БАҚөкілдерінің саны – 116. Барлығы 288 байқаушы. Сайлау науқаны ҚР Сайлау туралызаңнама талаптарына сәйкес өткізілді. Арыз-шағымдар осы уақытта дейін Орталық сайлау комиссиясына түскен жоқ