16 жасқа дейінгілерге әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынбақ

Мұны Австралия үкіметі келесі жылы жүзеге асыруы мүмкін.

16 жасқа дейінгілерге әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынбақ Фото: canva.com

Заң шеңберінде тыйым салу – жастардың денсаулығы үшін жасалған қадам, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Сингапурдың 8world.com басылымының жазуынша, бұл туралы жақында ғана ақпарат тараған. Австралия билігі әлеуметтік желіні шамадан көп қолдану жастардың физикалық және психикалық денсаулығына кері әсер ететінін алға тартады. 

Австралияның премьер-министрі Энтони Албанесе бірқатар негізгі әлеуметтік медиа платформасына шектеу қоюды да жоспарлап отырғанын айтты. Тіпті, келеңсіздіктерге жол бермеу мақсатында өте қатаң шаралар қабылдауға дайын. Тиісті шектеулер адамдардың жасына тікелей байланысты.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тың Монтана штатында Tik Tok-ты пайдалануға тыйым салынғалы туралы ақпарат тараған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу