16 жасқа толғандарға ата-ананың рұқсатынсыз түсік жасауға рұқсат етілмек

2308

16 жасқа толғандарға ата-ананың рұқсатынсыз түсік жасауға рұқсат етілмек

16 жасқа толған жасөспірімдерге ата-анасының рұқсатынсыз жүктілікті жасанды  жолмен тоқтатуға рұқсат берілмек. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ләзәт Ақтаева айтты, деп хабарлайды abctv.kz.

Оның айтуынша, қолданыстағы заңнамада 18-ге толмайынша, ата-анасының рұқсатынсыз түсік жасатуға тиым салынған. Бұл қаламаған жүктілік болған жағдайда жасөспірімдердің уақытылы медициналық қызмет алуына кедергі келтіріп отыр.

Вице-министр соңғы үш жылда жасөспірім қыздар арасындағы жүктілік көрсеткіші 26 пайызға төмендегенімен, өткен жылы олардың саны 3 мыңға жеткенін айтады.

"Сондықтан Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстің жаңа редакциясында кепілдендірілген медициналық көмекті ата-анасының рұқсатынсыз алуды 16 жастан бастау ұсынылады", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу