16 жастағы қызды интернет арқылы жезөкшелікке тартқан

674

Алматылық бойжеткендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

16 жастағы қызды интернет арқылы жезөкшелікке тартқан

Өткен аптада Қызылорда облысында әйел адамды қамап ұстаған зорлықщшылар қолға түскен. ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев осы оқиғаның жай-жапсарын баяндады.

"Қызылорда облысында екі ер адам ұсталға болатын. Олар қала пәтерлерінің бірінде бір апта бойы әйел адамды жыныстық қатынасқа пайдалану үшін заңсыз ұстаған. Қазір әйел босатылды. 126-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деген полиция өкілі алматылық бойжеткендердің шектен тыс әрекетін қалай әшкерелегендерін айтып берді.

"Алматыда алдау арқылы бес ай бойы 16 жастағы қызды жөзешөлікке итермелеген бойжеткендер ұсталды. Күдіктілер қыздың деректерін интернет ресрустарға орналастырып, интимдік қызмет көрсететіні туралы хабарландырулар таратқан. Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікке тартқаны үшін олардың үстінен 134-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді Думан Таев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу