16 жастағы оқушы анасын өлтірді деген күдікке ілінді

867

Сұмдық жағдай Ақтөбе қаласында болған. Күдікті екеу – 16 жастағы қыз бен 19 жастағы колледж студенті. Оларға Қылмыстық кодекстің "Адам өлімі" бабы бойынша айып тағылған. 

16 жастағы оқушы анасын өлтірді деген күдікке ілінді

Прокурорлар істі сотқа жіберді. Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасының мәлімдеуінше, күдіктілер қылмыс жасағаны туралы тек бірнеше күннен кейін ғана айтқан. 

16 жастағы оқушы толық емес отбасында тәрбиеліп, тек анасымен бірге тұрған. Кешкі мектептің 5-сыныбында оқыған. Ал анасы вахталық әдіспен жұмыс істеген.

Облыстық білім басқармасындағылар жасөспірім қыздың бұрын-соңды ішкі істер органдарының есебінде болмағанын, тек қана жасөспірімдердің сағат 23-00-ге дейін жүруге рұқсаты болса, ол сол режимді бұзғаны үшін бірнеше рет ескерту алғанын айтқан болатын. 

Зада Зейін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу