16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты сот қашан өтетіні белгілі болды

170

Қорғаушы тарап іс материалдарымен толық танысып біткен.

16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты сот қашан өтетіні белгілі болды Фото: отбасылық мұрағаттан

Адвокат Саида Тәукелева Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесі қашан басталуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Саида Тәукелева қорғаушы тарап қылмыстық іс материалдарымен толық танысып шыққанын айтты. Оның сөзінше, енді іс материалдарын айыпталушы тарап қарап жатыр.

"Ол тарап материалдармен танысып біткен соң, тергеу органы бізге хабарын береді. Осыдан кейін ғана сот отырысының басталу мерзімі белгілі болады. Біздің болжамымыз бойынша қылмыстық іс наурыз айында сотқа жіберілуі мүмкін. Тиісінше сол айда Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот процесі басталады деп күтіп отырмыз", – деді адвокат әлеуметтік желідегі парақшада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу