16 желтоқсан қарсаңында Қазақстанда 13 жаңа мектеп ашылады

456

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі хабарлайды. 

16 желтоқсан қарсаңында Қазақстанда 13 жаңа мектеп ашылады Фото: pixabay.com

16 желтоқсанға дейін елімізде 7344 оқушыға арналған 13 жаңа мектеп ашу жоспарланып отыр. Осылайша, биылғы жылдың басынан бері пайдалануға берілген 95344 орындық жаңа мектептердің саны 109-ды құрайды, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, жалпы, осы жылдың аяғына дейін түрлі қаржы көздері есебінен 132 мың оқушы орынға арналған 154 мектепті, оның ішінде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 76738 орындық 62 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл 12 апатты және 29 үш ауысымды мектептің мәселесін және 113 елді мекендегі оқушы орындарының тапшылығын шешеді.

Сондай-ақ, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы іске асуда. Биыл 217 мектептің құрылысы басталды және олар 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

Ең алдымен, ұлттық жоба қалалар мен келешегі бар елді мекендерде жаңа үлгідегі мектептерді салуға, оқушылар мен педагогтерге жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға және білім беру қызметінің сапасын арттыруға бағытталған.

Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, елімізде 740 мың оқушыға арналған 369 жайлы мектеп салу жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу