16 желтоқсанда ХҚКО мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді

575

Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты 16 желтоқсанда Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді.  

16 желтоқсанда ХҚКО мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді Фото: kt.kz

Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Желтоқсанның 17-сі мен 18-і демалыс күндеріне сәйкес келуіне байланысты ХҚКО бұл күндері де жұмыс істемейді. Бұл ретте кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары сенбі, 17 желтоқсан күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейтінін атап өтеміз", - делінген хабарламада.

Дүйсенбіден, яғни 19 желтоқсаннан бастап ХҚКО қайтадан әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді.

"Жұмыс күндері ХҚО және Арнайы ХҚО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші ХҚКО және Арнайы ХҚО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді", - делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу