16 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

1923

Қылмыскер 2003 жылы жүк көлігін иесінен тартып алып кеткен.

16 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

ШҚО-да алысқа қатынайтын жүк көлігінің жүргізушісіне шабуылдаған қылмыскерлердің бірі ұсталды. Полиция оны 16 жыл бойы іздеген екен, деп хабарлайды altaynews.kz.

Бұл оқиға 2003 жылы болған. Үш ер адам жүргізушіге шабуылдап, жүк көлігін айдап алып кеткен. Келтірілген залал мөлшері 2 миллион теңгені құрайды.

Үш қарақшының екеуі сол жылы қамауға алынды. Ал біреуі полициядан 16 жыл бойы жасырынып жүрген. 2012 жылы оның кім екені анықталып, іздеу салынған.

Жуықта қылмыскер Семей қаласында ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу