16 жылда 26 халықаралық дау-дамай шешілген

1046

Оның ішінде 16 жағдай Қазақстанның пайдасына шешілсе, 3 дау қарсы тараптың пайдасына шешілген.

16 жылда 26 халықаралық дау-дамай шешілген

Халық алдында есеп беру кездесуінде Әділет министрі Марат Бекетаев мемлекеттің мүліктік құқығының қорғалуы туралы айтып өтті. Министрдің сөзінше, 16 жыл ішінде халықаралық сот пен арбитражда 19,7 млрд долларға елдің мүддесі қорғалған.

"2003 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі уақыт аралығында Қазақстан Республикасына қарсы заңмен қуыным талабы 24 млрд АҚШ долларын құрады. 19,7 млрд долларға елдің мүддесі қорғалды. Осы уақыт арасында 26 дау-дамай шешілді. Оның ішінде 16 жағдай біздің пайдамызға шешілсе, 3 дау Қазақстанға қарсы аяқталды. Ал 7 дау-дамай бейбіт жолмен шешімін тапты", – деді Әділет министрі.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу