160-қа жуық дәрігер-хирург "Болашақ" бағдарламасымен шетелде оқып келді

655

Жетекші шетелдік медициналық жоғары оқу орындары мен клиникаларда білім алған және тағылымдамадан өткен мамандар заманауи медициналық технологияларды қолдана отырып, аса күрделі жоғары технологиялық кардио және нейрохирургиялық оталар жүргізеді.    

160-қа жуық дәрігер-хирург "Болашақ" бағдарламасымен шетелде оқып келді Фото: gov.kz

"Болашақ" бағдарламасының түлегі Бауыржан Рақышев жаңа тәсілдерді қолдана отырып, жүрекке ашық түрде жоғары технологиялық ота жасайды. Кардиохирург Қазақстанда бұрын-соңды жасалмаған миниинвазивті және торакоскопиялық операция енгізді.

"Мұндай хирургиялық араласу кезінде науқастың жүрегі біраз уақытқа тоқтатылып, "жасанды жүрек-өкпе" жасанды қанайналымдық құрылғысы қолданылады. Аталған ота жасағанда кешіктіруге болмайды. Әр секунд пен миллисекунд маңызды", - дейді "Болашақ" түлегі-хирург.

Бауыржан ашық жүрекке күніне 3-4 ота жасайды.

"Болашақ" түлектері-дәрігерлер еліміздің барлық өңірлерінде, соның ішінде ауылдық жерлерде де еңбек етіп жүр. Хирург-дәрігер Марат Бердімұратов "Болашақ" бағдарламасы арқылы Оңтүстік Кореяда ғылыми тағылымдамадан өткеннен кейін Ақкөл аудандық ауруханасына оралды. Болашақтық алған білімін іс жүзінде қолдана отырып, лапароскопия әдісімен заманауи хирургиялық оталар жасайды.

"Болашақ" бағдарламасы арқылы денсаулық сақтау саласы үшін шетелде 850-ден астам маман даярланды, олардың басым бөлігі - тәжірибелі дәрігерлер.

Жалпы алғанда, 30 жыл ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы аясында 12 мыңнан астам отандық маман дайындалды. Халықаралық бағдарлама түлектері түрлі салаларда еңбек етіп, елдің дамуына өз үлестерін қосып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу