161 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған екеуге үкім кесілді

507

Қостанай облысында агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидияларды ұрлағандарға қатысты сот шешім шығарды.

161 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған екеуге үкім кесілді

"Шығыс Запад" ЖШС директоры Нетесов А.А., сонымен қатар Әнуарбеков Ж.А. және Асанов Д.М., 2018-2019 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарлама аясында облыстағы шаруа қожалықтарының басшыларын алдап, 161 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттің агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне инвестициялық субсидия ретінде бөлген ақшасы келесі схема бойынша ұрланған. Тұлғалар фермерлермен өздері хабарласып, олардың атынан өтініштер мен қаржылық құжаттарды толтырған. Құжатта жайылымдық суару үшін жеткізілген техниканың бағасы екі есеге көтеріліп көрсетіліп, айырмасы ұрланған. 

Сот бұл іс бойынша барлық айыпталушыларды құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 5 және 6 жылға бас бостандығынан айырды. Олар сот залында қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу