Әйелдерге арналған вагондар қызметін 161 мыңға жуық қазақстандық пайдаланды

828

 "Әйелдер вагонында" жеті жасқа дейінгі ер жолаушылардың жол жүруіне рұқсат етіледі. 

Әйелдерге арналған вагондар қызметін 161 мыңға жуық қазақстандық пайдаланды Фото: Inbusiness.kz

Айта кетсек, 2022 жылы аталған вагондарда 114 мыңнан астам жол жүрген. 2021 жылы 3 айдың ішінде еліміздің арулары неғұрлым жайлы және қауіпсіз сапарын қамтамасыз ету үшін қызмет енгізілген сәттен бастап - 13 мыңнан астамы "әйелдер вагондарында" саяхаттады.

Бүгінгі таңда "әйелдер вагоны" 8 жолаушылар пойызының құрамында жүреді:

  • №77/78 "Алматы – Маңғыстау" №07 купе вагоны;
  • №351/352 "Алматым – Өскемен" №10 купе вагоны.
  • №45/46 "Павлодар – Түркістан" к№09упе вагоны;
  • №37/38 "Маңғыстау-Семей" №06 купе вагоны;
  • №47/48 "Атырау – Астана" №06 купе вагоны;
  • №33/34 "Ақтөбе -Алматы-1" № 06 купе вагоны;
  • №4/3 "Астана - Алматы-2" № 17 купе вагоны;
  • №71/72 "Астана – Шымкент" №10 купе вагоны.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу