162 мыңнан астам оқушы ерекше жағдайды талап етеді

945

Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы мақұлданды. 

162 мыңнан астам оқушы ерекше жағдайды талап етеді

Құжат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен мүмкіндігі шектеулі адамдардың білім алу құқығын қамтамасыз ету үшін әзірленді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мәжіліс депутаты Жанат Омарбекованың айтуынша, инклюзивті білім дамуында ерекшелігі бар балалардың сапалы білім алуға ықпал етеді.

Бүгінгі таңда елімізде 162 мыңнан астам оқушы немесе балалардың жалпы санының 2,7% білім беру процесі кезінде ерекше жағдайды талап етеді. 

"2011 жылдан бастап елімізде инклюзивті білім беруді кезең-кезеңмен дамыту басталды. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті орта құру шаралары қарастырылған. Бізде заңнамалық деңгейде реттеуді талап ететін мәселелер де бар. Олардың барлығы заң жобасында көрініс тапты. Құжат бойынша "Білім туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі", – деді депутат. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу