17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

247

Қар, жаңбыр, көктайғақ.

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы Фото: Inbusiness.kz

Синоптиктер 2023 жылы 17 қарашада, жұма күні еліміздегі ауа райы қандай болатынын айтты. Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын, көктайғақ, тұман және қатты жел болу ықтималдылығы жоғары, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі.

"Антициклонның жүруіне байланысты тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", - делінген хабарламада.

Болжамға сәйкес, жалпы республикамыз бойынша тұман, қатты жел көрініс табатыны айтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу