17 қазақстандық Газа аумағынан кеткісі келмеген

376

Қазақстан тарапы эвакуация ұйымдастырған кезеңде 161 адам болды. Оның 99-ы елге келуге ниет білдірген.

17 қазақстандық Газа аумағынан кеткісі келмеген Фото: ҚР СІМ

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Палестинаның Газа секторында қалған азаматтардың санын атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, эвакуация кезінде Газа секторында 161 қазақстандық болған. Олардың 99-ы ұшуға ниет білдірген.

"Біздің елдің бірқатар азаматы, яғни 17 адам, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері әртүрлі себеппен эвакуациядан бас тарту туралы шешім қабылдады. Тек елге қайтуға келіскендер ғана Қазақстанға жеткізілді", - деді Қ. Омаров.

Ол алдағы уақытта қазақстандықтар ұшып кетуге ниет білдірсе, олармен құзырлы органдар жұмыс істейтінін айтты.

"Кейбір азаматтың қолында билеті дайын, олар ұшып шыққысы келіп отыр. Олармен Мысырдағы, Иорданиядағы, Израильдегі өкілдіктеріміз жұмыс істеп жатыр", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу