17 қазанда республиканың тоғыз өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады

411

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. 

17 қазанда республиканың тоғыз өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады Фото: Inbusiness.kz
  • Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с-ке жетеді.
  • Қарағанды облысының шығысында, орталығында тұман. Оңтүстіктен соғатын жел шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 18 м/с болады.
  • Атырау облысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
  • Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с-ке жетеді.
  • Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.
  • Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
  • Жетісу облысының орталығында 3 градус үсік болады. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 17-22, күндіз екпіні 28 м/с-ке жетеді.
  • Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ке жетеді.
  • Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Таулы аудандарда 2 градус үсік болады.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу