17 қыркүйектегі саудада доллар бағамы қалай өзгерді

224

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 480,63 теңге (-0,02) болды. 

17 қыркүйектегі саудада доллар бағамы қалай өзгерді Фото: Владислав Воднев

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 17 қыркүйекте сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қытайда 2024 жылдың 16-18 қыркүйегі аралығындағы мереке күндеріне байланысты юаньмен сауда-саттық болған жоқ.

Ақша айырбастау орындарында доллар 480,5-482,3 теңгеге, еуро 532-536 теңгеге, ресей рублі 5,19-5,29 теңгеге сатылуда.

Ал 17 қыркүйектегі аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures биржасында электронды саудада қараша айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,11%-ға арзандап, барреліне 72,67 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстері 0,01%-ға өсіп, барреліне 69,03 долларды құрады.

17 қыркүйек күні таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 480,61 теңге, еуроны 534,53 теңге, рубльді 5,28 теңге деп бекітті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу