17 маусымда Қазақстанда доллар бағамы көтерілді

151

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 17 маусымда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды. 

17 маусымда Қазақстанда доллар бағамы көтерілді Фото: inbusiness.kz

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 517,45 теңге болды, бұл алдыңғы сессиядан 4,85 теңгеге жоғары, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Рубльмен сауда жүргізілген жоқ.

Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 71,73 теңгені (+0,57) құрады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 518,11-520,51 теңге, еуро 594,42-599,05 теңге, рубль 6,46-6,59 теңге аралығында сатылуда.

17 маусымдағы сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы аздап көтерілуді жалғастырды.

Brent маркалы мұнай баррелінің фьючерстік бағасы алдыңғы сессиямен салыстырғанда 1,19%-ға өсіп, 74,14 долларды құрады.

Бұл ретте West Texas Intermediate (WTI) мұнайының бір баррелінің бағасы 1,18%-ға арзандап, 71,17 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 512,44 теңге, еуроны 593,15 теңге, рубльді 6,52 теңге деп белгіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу