17 маусымда Украинаның ЕО-ға кіруге үміткер ретіндегі мәртебесі талқыланады

800

Бұған дейін Украинаға бұл мәртебені беру бастамасын Еуропалық Парламенттің депутаттары қолдады. 

17 маусымда Украинаның ЕО-ға кіруге үміткер ретіндегі мәртебесі талқыланады

Еуропалық комиссия Украинаның ЕО-ға кіруге үміткер ретіндегі мәртебесін 17 маусымда қарастырады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Украина Президенті Владимир Зеленский 28 ақпанда Украинаның Еуропалық Одаққа кіруі туралы өтінішке қол қойды.

Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен сәуір айында Киевке барған кезде Зеленскийге Еуропалық Одаққа кіру туралы келіссөздерді бастау үшін арнайы арнайы сауалнаманы берді. Қазіргі уақытта ЕК Украинаның жауаптарын зерттеп, 23-24 маусымда өтетін саммит барысында ЕО басшыларына Украинаға үміткер мәртебесін беру туралы өз ұсыныстарын жариялайды.

Бұған дейін Украинаға бұл мәртебені беру бастамасын Еуропалық Парламенттің депутаттары қолдады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу