17 мың болашақ сарбаз ПТР-тестілеуден өтеді

786

Әскерге шақыру кезіндегі қауіпсіздікке жергілікті органдар жауапты.

17 мың болашақ сарбаз ПТР-тестілеуден өтеді

Қазақстанның Қарулы күштері Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов әскерге шақырылған азаматтардың арасында коронавирус тарамау үшін қандай шаралар атқарылып жатқанын айтты.  

"Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша Қарулы күштерде мерзімді әскери қызметтен запасқа шығарылатын қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Жергілікті атқарушы органдарға жауынгерлік борышын өтеуге шақырылатын азаматтарды ПТР-тестілеуден өткізіп, әскерге шақырылғандарды құлақтандыру және шақыру кезінде, медициналық куәландыру және шақыру бекеттерінде, жауынгерлерді жөнелту кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау қажет. Көктемгі әскерге шақыруды аяқтау үшін 17 мыңнан астам азаматты шақыру жоспарланып отыр. Әскерге келген жас буын оқшау орналастарылып, санитарлық нормаларды сақтайтын болады. Басты назар сақтық шаралрына аударылады", – деді Сәкен Жүсіпов. 

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу