17 наурыздан бастап Ақтөбе әуежайының ұшу-қону жолағын пайдалану тоқтатылады

904

Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласының әуежайынан 5 бағыт бойынша аптасына 52 ішкі жолаушылар рейсі, сондай-ақ басқа елдердің 4 қаласына аптасына 9 рейс орындалады.

17 наурыздан бастап Ақтөбе әуежайының ұшу-қону жолағын пайдалану тоқтатылады

ИИДМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9 наурызда Ақтөбе әуежайында ұшу-қону жолағы тексерілген. Кей жерлерде ұшу-қону жолағының жағдайында ақаулар, жарықшақтар, әуеайлақ плиталарының, мастиканың қабыршақтануы анықталған.

"Белгіленген талаптарға сәйкессіздікті, сондай-ақ азаматтар үшін ұшу қауіпсіздігінің басымдығын ескере отырып, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ағымдағы жылдың 17 наурызынан бастап Ақтөбе әуеайлағының ұшу-қону жолағын пайдалануды бұзушылықтарды жойғанға дейін тоқтату туралы шешім қабылдады",- деп жазылған хабарламада.

Ал Ақтөбе облысының әкімдігі қысқа мерзімде әуеайлақ плиталарын ауыстыру және жөндеу жұмыстарын жүргізуді қаржыландыруға дайын. Әуежайды пайдаланушы бірінші кезекте ауыстыруды талап ететін плиталарды анықтай отырып, тексеру актісін жасауда және әуеайлақтың ұшу-қону жолағына ағымдағы жөндеу жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуде.

Айта кетсек, қазіргі уақытта Ақтөбе қаласының әуежайынан 5 бағыт бойынша (Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтау және Түркістан қалалары) аптасына 52 ішкі жолаушылар рейсі, сондай-ақ басқа елдердің 4 қаласына (Ыстамбұл, Тбилиси, Қазан, Нөкіс) аптасына 9 рейс орындалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу