17 пәтер тонаған ұрылар ұсталды

789

Соңғы екі айда Шымкент қаласында пәтер тонау қылмыстарына қатысты арыз көбейді.

17 пәтер тонаған ұрылар ұсталды

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде тәртіп сақшылары 17 пәтер ұрлығына қатысы бар екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Барлық жағдайда да қаскөйлер бірдей әрекет еткен. Олар көбіне домофондары дұрыс істемейтін көпқабатты үйлерде ұрлық жасаған. Пәтер есігін қағып, үйде адамның бар-жоғын тексерген. Ешкім жауап бермеген жағдайда, есікті кілт таңдау арқылы ашқан. Үйдегі компьютер, телефон, ноутбук, құлаққап, әшекей бұйымдарды т.б. қолды еткен.

"Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Іс бойынша жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде екі күдікті анықталып, ұсталды. Оларға қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс прокуратураға жолданды", – деді тергеуші Әлібек Кемелбек.

Екі күдікті де бұрын ұрлық үшін сотталған. Түрмеде танысып, бостандыққа шыққан соң үйреншікті істерін жалғастырған.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу