17 сенаторды сайлауға 254,5 млн теңге жұмсалады

846

Қомақты қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді.  

17 сенаторды сайлауға 254,5 млн теңге жұмсалады

Сенаттың 17 депутатын сайлауға 254,5 млн теңге жұмсалады, деп хабарлайды Atameken Business.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина мәлімдеді. Оның айтуынша, қаражат комиссия қызметін ұйымдастыру үшін қажет. Сондай-ақ, мәслихат депутаттарының іс-сапарлары мен көлік шығындары да өтелмек. Бұдан бөлек, дауыс беру орындарын рәсімдеп, оған қажетті полиграфиялық жұмыстар да бюджет есебінен жүргізіледі.

Ал қаржының өзі әр өңірдегі жергілікті билік арқылы таратылмақ. Үміткерлерді ұсыну 13-ші маусымнан басталып, 12-ші шілде кешкі сағат 18-00-ге дейін жалғасады. Кейін кандидаттарды тіркеу шаралары ұйымдастырылмақ. Ал, сайлау алды үгіт-насихат 23-ші шілде мен 11-ші тамыз аралығына белгіленген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу