17 шетелдік азаматқа бүйректі алмастыру отасы жасалды

1094

Германия, Канада, Израиль, Румыния азаматтарына жасалған ота сәтті шықты.

17 шетелдік азаматқа бүйректі алмастыру отасы жасалды

Шымкентте №1 қалалық клиникалық аурухана базасында дәрігерлер 130 бүйрек және 18 бауыр алмастыру отасын сәтті жасап шыққан, деп хабарлайды otyrar.kz.

Ағза алмастырған науқастардың барлығының денсаулығы бірқалыпты дейді дәрігерлер. Жүзден аса азаматқа жаңа өмір сыйлаған дәрігерлер шетелдік азаматтарға да транспланталогиялық операция жасаған. Нақтырақ айтқанда, №1 қалалық клиникалық аурухана базасында 17 шетелдік азаматқа (Германия, Канада, Израиль, Румыния) тірі донордан алынған бүйректі алмастыру отасы жасалған.

Бүгінде ол науқастардың жағдайы да қанағаттанарлық. Донорлар және реципиенттер амбулаториялық емдеуге жіберілген. Күрделі оталардың барлығы аурухананың бас дәрігері Мади Бигалиевтің жетекшілігімен жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу