17 шілдеден бастап электронды ақша айналымына лимит енгізіледі

693

Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға төлем операцияларын электронды әмиян арқылы орындау мүмкіндігі беріледі.

17 шілдеден бастап электронды ақша айналымына лимит енгізіледі

2020 жылғы 17 шілдеде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң күшіне енеді, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

Заң "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмаларын орындау шеңберінде әзірленді.

Құжат ақшаны жылыстату, елден капиталды шығару және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл тәуекелдерін төмендету үшін банктік емес қаржы ұйымдарының қызметін реттеуді жетілдіруге бағытталған нормаларды қамтиды.

Заң Ұлттық банктің төлем ұйымдарының, төлем жүйелерінің қызметін реттеуді жетілдіру және банктік емес төлем ұйымдарының сервистерін заңсыз операциялар үшін пайдалануды болдырмау бөлігінде өкілеттіктерін бекітеді. Атап айтқанда:

- электрондық әмияндардың сәйкестендірілмеген пайдаланушылары арасында аударымдарға тыйым салу енгізіледі;

- электрондық ақшамен жасалатын операцияларға әр түрлі лимиттер белгіленеді;

- заңсыз операцияларға қарсы іс-әрекет мақсатында төлем жүйелерінің операторлары үшін міндеттер белгіленеді;

- дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға өздерінің төлем операцияларына қызмет көрсету үшін электрондық әмияндарды пайдалану мүмкіндігі беріледі.

Сонымен қатар Заң Ұлттық банктің кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттарынан қолма-қол ақшаны алудың шекті мөлшерін және белгіленген шекті мөлшерден артық қолма-қол ақшаны алу тәртібін реттеу жөніндегі өкілеттіктерін бекітеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу