17 тамыз ашылатын кәсіпорындар infoalmaty.kz аясында аудиттен өтеді

768

Сондай-ақ, компанияларға "Атамекен" ҰКП арнайы мониторинг жүргізеді. 

17 тамыз ашылатын кәсіпорындар infoalmaty.kz аясында аудиттен өтеді

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті. Мегаполис басшысы карантиннен кейін кәсіпорындар кезең-кезеңімен қызметін қайта жандандыратынын жеткізді. 

"Карантин аяқталып, көптеген кәсіпорындар қайта іске қосылатынын білеміз. Бұл бағытта "Атамекен" ҰКП мен мониторингтік топ жұмыс жасайды. Барлық кәсіпорындарды біріктіру мүмкін емес. Сондықтан infoAlmaty аясында аудит жүргіземіз. Кейін кәсіпкерлер палатасы қоғамдық мониторинг жасайды. Яғни, мемлекеттік бас санитарлық дәрігер белгілеген барлық талаптар орындалуы керек. Тек сонда ғана кәсіпорындарға қызметін жандандыруға рұқсат беріледі", – деп атап өтті шаһар басшысы. 

Сонымен қатар ол infoAlmaty тәжірибесін тек Алматыда емес, барша республика аумағында infoKazakhstan ретінде пайдалану ұсынылғанын жекізді. 

Еске сала кетсек, төтенше жағдай және күшейтілген карантин кезінде алматылық кәсіпкерлер үшін басты мәселе – кәсіпорындар қызметі бойынша қозғалыстың шектелуі болды. Соған сәйкес мәліметтерді жинауды, өңдеуді, сақтауды және жариялауды автоматтандыру үшін – infoalmaty.kz порталы құрылған еді. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу