17 тамыз күнгі ауа райы болжамы

1831

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді.  

17 тамыз күнгі ауа райы болжамы

Республиканың батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік облыстарының ауа райын антициклон анықтайды, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК   

Еліміздің қалған бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады, солтүстік-шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Кей жерлерде тұман, жел күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстіктің кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарынын кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Ақмола облысының кей жерлеріңде түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Түркістан, Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді, Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының түнде және таңертең кей жерлеріңде тұман түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу