17 тамызға арналған ауа райы болжамы қандай

1053

"Қазгидромет" РМК сайтында Қазақстанның бүкіл аумағында сейсенбі күнге арналған ауа райы болжамы ұсынылды. 

17 тамызға арналған ауа райы болжамы қандай

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м / с. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 28-30 градус жылы, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м / с. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 23-25 ​​градус.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м / с. Ауа температурасы түнде 14-16 градус, күндіз 31-33 градус жылы.

Ақтауда ашық, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м / с. Ауа температурасы түнде 22-24 градус, күндіз 31-33 градус.

Ақтөбеде күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м / с. Ауа температурасы түнде 14-16 градус, күндіз 35-37 градус жылы.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м / с. Ауа температурасы түнде 20-22 градус, күндіз 36-38 градус.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м / с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 25-27 градус. Облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м / с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 27-29 градус.

Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м / с. Ауа температурасы түнде 10-12 градус, күндіз 30-32 градус жылы. Облыстың оңтүстігінде 36 градусқа дейін қатты аптап ыстық күтіледі.

Қызылордада ауа райы ашық, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м / с. Ауа температурасы түнде 15-17 градус, күндіз 31-33 градус.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м / с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 26-28 градус. Облыстың кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м / с. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 28-30 градус.

Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м / с. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 24-26 градус.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м / с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 28-30 градус. Жамбыл облысында, таулы және тау бөктерінде найзағай, бұршақ, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.

 Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м / с. Ауа температурасы түнде 16-18 градус, күндіз 32-34 градус жылы.

Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м / с. Ауа температурасы түнде 15-17 градус, күндіз 35-37 градус жылы. Батыс Қазақстан облысында 39 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м / с. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 25-27 градус. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай күтіледі, түнде және таңертең тұман түседі.

 

 

  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу