2017 жылы Қазақстанда 17 вокзал жөнделеді. Бұл туралы ҚР инвестиция және даму министрлігінің көлік комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Потлов айтты, деп хабарлайды КазТаг.
"Келесі жылға бізде (бюджетте) Т3 млрд-қа артық қаржы қарастырылған. Бұл сома 17 вокзалдың күрделі жөндеу жұмыстары бойынша шараларды орындау, вокзал шаруашылықтарын стандартқа сәйкес ету үшін керек", - деді Дмитрий Потлов бейсенбідегі брифингте. Оның айтуынша, Астана мен Алматыдағы, Семей мен Қапшағайдағы темір жол тораптары жөндеу жоспарланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу