17 жасар ер бала синтетикалық есірткімен ұсталды

1038

18 тамызда Тараз қаласы Мыңбұлақ шағын ауданында синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 17 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

17 жасар ер бала синтетикалық есірткімен ұсталды

Күдіктіні ұстап, тінту барысында шалбарының қалтасынан көк және қара түсті орамаға оралған 32 бума табылып, тәркіленді, оның ішінде жалпы салмағы 12,76 грамм а-PVP синтетикалық есірткі заты болды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz сайтының ақпаратына сүйеніп.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

– Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады). Қазіргі уақытта есірткі құралдарын өткізу мен оларға қатысы бар адамдардың әрекет ету арналарын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде, – деп хабарлады Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы А.Жұмабеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу