17 жастағы астаналық өзгенің көлігін сатып жіберген

1185

Енді күдікті қаладағы арнайы мектепте оқиды.

17 жастағы астаналық өзгенің көлігін сатып жіберген

Нұр-Сұлтанда жасөспірім өзгенің көлігін сатқан, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Polisia.kz мәліметінше, полицияға елорда тұрғынынан түнде Бейбітшілік көшесіндегі үйдің ауласында тұрған Lada Priora көлігін белгісіз адам ұрлағаны туралы арыз түскен.

"Тергеу барысында жәбірленуші ұзақ уақыт көлікті ашық қалдырғаны, онда кілт болғаны анықталды. Бұл жағдайды 17 жастағы жасөспірім пайдаланған. Өзін көліктің иесімін деп таныстырған ол танысына "өз автомобилін" арзанға сатып алуға ұсыныс жасаған. Жаңа көлік иесі оны сүйретіп алып кеткен", – деп жазылған хабарламада.

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жасөспірімді ювеналды полиция қызметкерлері бақылауға алған.

"Оның әрекеті кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияда қаралды. Онда 17 жастағы астаналықты девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы мектепке жіберу туралы шешім қабылданған", – деп жазылған хабарламада.

Бұл іске қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу