17 жастағы қазақстандық шахматшы Меруерт Камалиденова төрт дүркін әлем чемпионы, FIDE әлемдік рейтингінің көшбасшысы Хоу Йифанды жеңді. Бұл туралы inbusiness.kz Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Тағы бір қазақстандық Алуа Нұрманова халықаралық байқауларда ерекше көзге түсті (суретте оң жақта). Оның 11 жеңісі, 4 жеңілісі және бір теңдігі бар.
Астанада әйелдер командаларының шахмат турнирі бүгін аяқталды. Қазақстан құрамасы әлем құрамасынан 55:73 есебімен ұтылды.
Әйелдер арасындағы турнир классикалық шахматтан әлем чемпионы атағы үшін Ян Непомниахчи мен Динг Лирен арасындағы кездесу аясында өтті. Алғашқы екі күнде командалар рапид, үшінші күні блиц бойынша жарысты.
Әйелдер арасындағы командалық матчтың жалпы жүлде қоры 50 000 долларды құрайды.