17 жастағы қазақ қызы IELTS емтиханынан әлемдік рекорд орнатты

228

Сая Қыдырәлі ағылшын тілінен халықаралық емтиханда ең жоғары 9 ұпай жинап, әлем рекордын орнатты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

17 жастағы қазақ қызы IELTS емтиханынан әлемдік рекорд орнатты Фото: @saya.kidirali

Ресми статистика бойынша, бұл нәтижеге тапсырушылардың небәрі 0,5%-ы ғана қол жеткізе алады.

Сая Қыдырәлі қарапайым отбасыда дүниеге келген.

"Ағылшын тілін 6-сыныптан үйрене бастадым, 9-сыныпта сабақ бердім. Ал 11-сыныпта алғашқы IELTS-ты тапсырып, бар болғаны 6,5 балл жинадым. Сосын анам ренжігендей болды. Өйткені ол менің кітаптарыма және IELTS тапсыруыма ақша төлеу үшін төрт мезгіл бойы бір кроссовка киіп жүрді. Одан кейін талай биіктерге жеттім. Бірақ бұдан да үлкен жетістікке жететінімді сездім. Сол күн де келіп жетті. Мұны ақырында жасадым. Мен 9.0 баллмен әлемдегі ең жас IELTS сарапшы атандым", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу