17 жастағы қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирдің чемпионы атанды

811

Қазақстандық 17 жастағы Аружан Сағындықова Түркияның Анталия қаласында ITF World Tennis Tour W15 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

17 жастағы қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирдің чемпионы атанды

Team Kazakhstan академиясының түлегі Аружан қытайлық Ю-Юн Лимен бірге жұптық сында үздік шықты.

Қазақстандық-қытайлық жұп финалда ресейліктер, апалы-сіңлілі Анастасия мен Рада Золотареваларды тартысты бәсекеде тізе бүктірді (7:5, 3:6, 10:4).

Аружан жекелей сында да тәп-тәуір өнер көрсетіп, ширек финалға дейін жетті.

"Қуанышымда шек жоқ, өйткені ересектер арасындағы ITF жарысында алғашқы титулыма қол жеткіздім. Сондықтан, бүгін мен үшін ерекше күн болды. Маған сенім артып, қолдаған Болат Өтемұратов бастаған Қазақстан теннис федерациясына, бапкерім Руслан Мухамедзяновқа алғысымды айтамын", – деді марапаттаудан соң Аружан Сағындықова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу