17 жастағы шымкенттік жасөспірім Қазақстаннан Түркияға дейін жаяу барды

782

Елде туризм саласын дамытуға құлшынып жүрген бозбала туристік елдерді жаяу аралауға бел буған. 

17 жастағы шымкенттік жасөспірім Қазақстаннан Түркияға дейін жаяу барды Фото: 24KZ

17 жастағы бозбала Атыраудан Анадолыға жаяу жетті. Ролан Берікұлы өзі Шымкенттің тумасы, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24kz-ке сілтеме жасап.

"Қазақстаннан Түркияға жаяу шыққандағы ең алғашқы мақсат – ел көріп, жер көріп, тану болды. Келесі мәселе – өзім туризмге қызыққандықтан алдағы уақытта Қазақстандағы туризмді дамытуды мақсат етемін. Жалпы осы 1 айдың ішінде 1300 шақырымды жаяу жүріп өттім. Және күніне 50-60 шақырымды бағындырып отырдым. Жолдағы ең қызық жағдай Ресейдің Астрахан қаласында болды. Қаладан шығаберісте жолдың ар жағында бір топ ит жүрген болатын. Бір қарағанда маған қарай жүгіріп келе жатты. Сақтық үшін өзіммен алып шыққан электршокер бар еді. Соны ауаға басып, өзімді қорғап алған болатынмын", – саяхатшы Ролан Берікұлы.

Ол Дағыстан, Шешенстан, Грузия арқылы жүріп, Түркияның Ризе қаласына дейін барған 26 күнде 1 мың 300 шақырымды жаяу жүріп өткен. 2 рет жаңбыр астында қалып, 18 күн далада шатырда түнеген. Арқалаған сөмкесі 20 келіден кем емес. Қазір ол Кония қаласында. Оны отандасымыз Дәурен Сәбитұлы қарсы алған. 

"Осылай Қазақстаннан қазақ бауырымыз Түркия еліне жаяу шыққанын көріп, өз басым қатты қуанып, өзіне кері байланысқа шығып, өзіміздің қонақжайлығымызды көрсетіп, қонақ қылып шақырдым", – Кония қаласының тұрғыны Дәурен Сәбитұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу