17 жастағы жеткіншек мас күйінде біреудің көлігін айдап кеткен

600

Ақмола полицейлері кәмелетке толмаған көлік ұрлаушыны ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

17 жастағы жеткіншек мас күйінде біреудің көлігін айдап кеткен

30 тамызда сағат 02:30 шамасында патрульдік полиция батальонының экипаждарына Щучинск қаласында Lada Kalina автокөлігінің айдап әкетілгені туралы ақпарат келіп түсті. Тәртіп бұзушы полицейлердің тоқтау туралы талаптарына бағынбаған және полициядан жасырынып, "Петропавл – Нұр-Сұлтан" республикалық трассасына шығып кеткен.

Облыстық патрульдік полиция батальонының автопатрульдері жұмылдырылған.

Полиция жасағы бағдар бойынша берілген автокөлікті байқап, тоқтау туралы белгі бергенімен жүргізуші жылдамдық режимінен асып, өзі үшін де, қозғалыстың басқа да қатысушылары үшін де қауіп тудыра отырып, қозғалысты жалғастырған.

Көлікті басқара алмаған жеткіншек брусқа соғылып, емдеу мекемесіне жеткізілді. Дене жарақаты жоқ, тек орташа дәрежедегі алкогольдік масаңдық анықталды.

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Өз кезегінде көліктің заңды иесі ақмолалық құқық қорғау органдарына алғысын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу