Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың батыс, солтүстік-батысының кей жерлерінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ кей жерлерде тұман, көктайғақ, сақталады, солтүстік-батыста желдің күшеюі күтіледі.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.