17 жылға сотталған Оңтүстік Кореяның экс-президентіне рақымшылық жасалды

594

Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль бұрын сотталған экс-президент Ли Мен Бак пен Оңтүстік Кенсан провинциясының экс-губернаторы Ким Кен Су мен басқа да саясаткерлерге рақымшылық жасады.

17 жылға сотталған Оңтүстік Кореяның экс-президентіне рақымшылық жасалды Фото: Синьхуа

Рақымшылық туралы шешім 28 желтоқсанда күшіне енеді деп хабарлайды Inbusiness.kz "Ренхап" агенттігіне сілтеме жасап. 

Ли Мен Бак сыбайлас жемқорлық үшін 17 жылға сотталған еді, бірақ денсаулығына байланысты жаза мерзімі маусым айынан бері кейінге шегерілді. Ал рақымшылық бас бостандығынан айыру мерзімін 15 жылға қысқартты және жалпы сомасы 8,2 миллиард вон (6 6,48 миллион) айыппұлдың қалдығын төлеу міндетін жойды.

Бұл - Юн Сок Ёлдың 2022 жылдың мамырында қызметіне кіріскеннен бері екінші рет кешірім жасауы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу