170,6 мың шаршы метр ескі үй бұзылады

1184

Тұрғын үй қоры 9,8 млн шаршы метрге дейін ұлғаяды. 

170,6 мың шаршы метр ескі үй бұзылады

2025 жылға дейін Түркістан қаласында 15 мектеп, 10 денсаулық сақтау нысаны және 6,1 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев осылай деді. 

"Қаланың бас жоспары жобасында 2025 жылға дейін 15 мектеп және қолданыстағы мектептерге 900 орындық 3 қосымша құрылыс қаралған. Бұл нысандар 17,2 мың оқушыға арналған. Сонымен бірге 5,7 мың орынға арналған қосымша және 44 мектепке дейінгі мекеме бой көтереді. 10 денсаулық сақтау нысаны, оның ішінде ауысымына 900 келушіге арналған 3 емхана салынады", – деді облыс әкімі. 

Өмірзақ Шөкеевтің мәлімдеуінше, қаланың бас жоспарында 2035 жылға дейін 40,1 мың оқушыға арналған 28 мектеп және 10 қосымша құрылыс қарастырылған. 15,7 мың орынға арналған 53 мектепке дейінгі мекеме және ауысымына 3600 келушіге арналған 9 амбулаториялық-емханалық кешен салынады. 

"2019 жылдың басында қаланың тұрғын үй қоры 3,8 млн шаршы метр болды. Оның басым бөлігі – бірқабатты үй-жай түріндегі тұрғын үй еді. Дәл осындай тұрғын үйлердің үлесі 92,2% құрайтын. 2025 жылы тұрғын үй қорын 6,1 млн шаршы метрге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл ретте 170,6 мың шаршы метр ескі үй бұзылады. Ал 2035 жылы тұрғын үй қоры 9,8 млн шаршы метрге дейін немесе бір адамға шаққанда 28 шаршы метрге дейін өседі", – деді Өмірзақ Шөкеев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу