1 700-ден астам талапкер әскери оқу орындарына қабылданды – Қорғаныс министрлігі

137

Бұл туралы ҚР ҚМ Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

1 700-ден астам талапкер әскери оқу орындарына қабылданды – Қорғаныс министрлігі Фото: ortcom_kz

Биыл Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау командирлік-тактикалық мамандықтар, ұшқыштық іс, радиобайланыс, ұшқышсыз жүйелерді басқару, әскери медицина, дене мәдениеті және спорт, инженерлік және ІТ-бағыттар сияқты кең ауқымды даярлық бағыттары бойынша жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2024 жылғы қазаннан 2025 жылғы шілдеге дейін Қорғаныс министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әскери оқу орындарына қабылдау шарттарын түсіндіру, кәсіби бағдар және үгіт жұмыстары бойынша кешенді іс-шаралар өткізді.

"Нәтижесінде, Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына түсуге 4 мыңнан астам адам ниет білдіріп, конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша 1 700-ден астам абитуриент оқуға қабылданды", – деді ҚР ҚМ Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу