Республикалық олимпиада: қорытынды кезеңге 1700-ден астам оқушы өтті

527

Биыл электронды форматта өткен зияткерлік сайысқа 15 мың оқушы қатысқан. 

Республикалық олимпиада: қорытынды кезеңге 1700-ден астам оқушы өтті Фото: elorda.info

Оның ішінде 1700-ден астамы республикалық кезеңге жолдама алды, деп жазады inbusiness.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық олимпиада 13-18 ақпан аралығында өтті. "Дарын" РҒПО директорының м.а. Ғаждембек Тұрсыновтың сөзінше, облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша 1620 қатысушы сайыстың республикалық кезеңіне өтті. Ал,  республикалық олимпиадалық резервтің оқу-жаттығу жиындарынан 88 оқушы қорытынды кезеңге жолдама алады.

"Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың төртінші кезеңі Шымкент қаласында ұйымдастырылады. Наурыз айының 20-25 аралығында жаратылыстану-математикалық, 3-8 сәуір күндері қоғамдық-гуманитарлық бағытында өтеді", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу