1700 добырашы Құрманғазының күйлерін орындады

870

Күй атасы Құрманғазы бабамыздың екі ғасырлық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтуде.

1700 добырашы Құрманғазының күйлерін орындады

Оралдағы ҚР Тұңғыш Президенті алаңында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығы аясында облыс домбырашыларының "Нағыз қазақ - домбыра" атты кең ауқымды акциясы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл шара қазақ музыка тарихында ерекше орны бар күй өнерінің классигі Құрманғазы Сағырбайұлының шығармаларын насихаттауды, күй өнерін, халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеуді мақсат етті.

Шара барысында облыстағы 1700 добырашы бір мезгілде күйшінің шығармаларын орындады.

"Биыл ерекше жыл. Күй атасы Құрманғазы бабамыздың екі ғасырлық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтуде. Бұл - тарихи шара. Қатысушыларға алғыс айтамыз. Шынында да, нағыз қазақ – домбыра",- деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу