172 мемлекет коронавирусқа қарсы екпе алу туралы ортақ келісімге келді

902

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арқылы вакцинаға қол жеткізу үшін 18 қыркүйекке дейін өтініш беріп үлгеру керек.

172 мемлекет коронавирусқа қарсы екпе алу туралы ортақ келісімге келді

Әлемдегі 172 ел коронавирусқа қарсы екпе алу туралы ортақ келісім жобасын мақұлдады. Құжатқа сәйкес, ол ең алдымен дәрігерлерге жаппай салынады. Содан кейін асқынған ауруы бар азаматтар мен жасы 65-тен асқандар екпе алу мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлайды Atameken Business.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арқылы вакцинаға қол жеткізу үшін 18 қыркүйекке дейін өтініш беріп үлгеру керек. Орталық келесі жылдың соңына дейін барлығы 2 млрд доза жеткізуді жоспарлап отыр. Ғалымдардың айтуынша, індеттен сақтану үшін екпені араға 1 ай салып екі мәрте алу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу