172 млрд теңгеге 84 актив сатылды

603

Жекешелендіру барысында 53 актив жойылды.

172 млрд теңгеге 84 актив сатылды

 Ұлттық экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ активтерін жекешелендірудің жаңа мерзімін бекітті. Бұл туралы қордың басқарушы директоры Алмасадам Сәтқалиев: "Үкіметке 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарында көзделген мерзімді өзгертуді ұсындық. Біздің бастамамыз толық қолдау тапты", – деді.

Басқарушы директордың айтуынша, "Қазпошта" АҚ мен "Самұрық-Энерго" АҚ 2021 жылы, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мен "Тау-Кен Самұрық" АҚ және Qazaq Air АҚ 2022 жылы жекешелендіріледі. "Эйр Астана" АҚ 2022 жылы, "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ 2023 жылы IPO-ға шығарылады. 

"Биыл "Қазақтелеком" акцияларының 10% "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-ға сатылады", – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Оның сөзінше, қордың 21 ірі емес активіне қатысты іс-шаралар 2023 жылға дейін аяқталады және олардың әрқайсысы бойынша шешім тек экономикалық прагматизм тұрғысынан қабылданады.

Айта кетейік, ел Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысымен бекітілген жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары 167 компанияны қамтиды. Дәл қазір "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ жекешелендіру жоспарына 9 ірі активі мен 21 ірі емес активін қатыстырып жатыр. 2016 жылдан бері қор 137 актив бойынша жекешелендіруді аяқтады. Нәтижесінде 172 млрд теңгеге 84 актив сатылды.

Бұдан бөлек 53 актив жойылды немесе қайта ұйымдастырылды.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу