1788 жұмысшысы Алматы көшелерінің қарын тазалауда

1028

Алматыда қар толассыз жауып тұр.

1788 жұмысшысы Алматы көшелерінің қарын тазалауда

Алматы қаласында қар жауып тұр. Соңғы тәулікте қалаға қалыңдығы 8-13 см қар түсті, ал тау етегіндегі аудандарда оның қалыңдығы 18 сантиметрге дейін жетті.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі көктайғақтың алдын алу мақсатында қажетті жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Түнде көктайғаққа қарсы 4609 тонна материал себілген. 417 арнайы техника бірлігі, оның ішінде 172 құмлақтырғыш жолға шығыпты. Қар тазалауға 627 жұмысшы жұмылдырылған.

"Таңнан бері 508 техника бірлігі жұмылдырылып, 1788 жол жұмысшысы қар тазалауда. Қаланың жоғары орналасқан аудандарында арнайы техникалар колонналары жолдың қозғалыс бөлігіндегі қарды сыртқа шығаруда. Таңғы тығыз уақытқа дейін тротуарлар, ортақ пайдаланатын жерлер, жаяу жүргінші аймақтары, өтпелі жолдарға кіретін және шығатын жерлер қардан тазартылды",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу