179 түбіртек бойынша мемлекетке 1,5 млн кіріс кіргізді

895

179 түбіртек бойынша мемлекетке 1,5 млн кіріс кіргізді

Солтүстікқазақстандық полиция айыппұлдан жалтарған құқық бұзушыларды анықтау бойынша жүргізілген 4 күндік рейдтің қорытындысын шығарды, деп хабарлады СҚО ІІД баспасөз қызметі.

"Қасақана қарыз қайтармайтындарға қатысты ҚР ӘҚБтК "Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау" бойынша 5 тәулікке қамау түріндегі әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін. Жолда жүру ережесі бойынша айыппұлдарын төлемеген азаматтар ҚР "Жол қозғалысы туралы" Заңына сәйкес, көліктерін тіркеуге қою немесе жүргізуші куәлігін беру секілді мемлекеттік қызмет көрсетілмейтінін есте сақтағаны жөн", - деп атап өтті СҚО ІІД ӘПБ бастығының міндетін атқарушы Болат Жексембинов.

Төрт күнде полиция 1905 түбіртек бойынша 14 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алды. "Жол приставы" автокешен экипажы 347 дана автокөлік құралын тексеріп, 179 түбіртек бойынша мемлекетке 1,5 млн кіріс кіргізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу