18 476 адам короновирус инфекциясынан емделуде

701

10 наурыздағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат.

18 476 адам короновирус инфекциясынан емделуде

10 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 476 адам короновирус инфекциясынан (13 730 КВИ+ және 4 746 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 555 пациент стационарда, 13 921 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды  inbusiness.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтемемен.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 230 адамның жағдайы ауыр, 56 пациенттің жағдайы өте ауыр, 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– дейді министрліктен.

Сондай-ақ, шұғыл штаб хабарламасына сүйенсек, кеше тағы да індет жұқтырып тіркелгендер қатары өскен. COVID-19-дың жаңадан 693 жағдайы анықталыпты. Осылайша ауырғандардың жалпы саны бүгінге дейін 220018-ге жеткен. Олардың 203467-сі жазылып шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу