Ақмолалық қосалқы шаруашылықтар ауыл шаруашылығы кооперативтеріне сәтті бірігуде, бұл жөнінде Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Хасым Иткусов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында хабарлады.
"Ақмола облысында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту саласындағы ауыл шаруашылығы бірлестіктерінің оң үлгілері орын алады. Өткен жыл деректері бойынша олардың саны 185-ке жетті. 2016 жылы олар 800 млн теңге сомасына мемлекеттік қолдауға ие болды", - деді Хасым Иткусов.
Оның айтуынша, жаңа бағдарлама елдің барлық аумағында кооперативтерді субсидиялауды жалғастырады және ауылдарға ауыл шаруашылығы өнімі үшін 300 млрд теңгеге жуық түсім тартуға мүмкіндік береді.
"Кооперативтер сүт, ет, жемістер мен көкөністер сияқты негізгі бағыттар бойынша құрылатын болады. Ол есеп айырысудың тікелей өндірушімен – кооператив мүшесімен жүргізілетінімен, ал субсидияларды кооперативтер алатынымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы бірлестіктеріне ветеринария, тұқымдандыру, азық дайындау, агрохимия, логистика бойынша қызметтер көрсетіледі", - деді ол.